Алматы қалалық клиникалық ауруханасынан коронавируспен ауырған соңғы науқас емделіп шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 21 тамызда №4 қалалық клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінен коронавируспен ауырған соңғы емделуші үйіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.
None
None

«№4 қалалық клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Медициналық қызметкерлер екі апталық оқшаулануға кетеді, содан кейін өздерінің бейінді бөлімшелеріне бұрынғы жұмысынтарына оралады»,– деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.


Бүгін «төрттік» стационарынан COVID-19 вирусынан айыққан соңғы науқас Жұмаәділ Ақымбеков үйіне шығарылды.

«Менде ауа жетіспеушілігі, құрғақ жөтел, әлсіздік және ентігу болды. Бір апта бойы дене қызуым 39,8°C-қа дейін көтеріліп, кеуде тұсым қатты ауырды. Мен ауруханаға өзім келдім. Маған КТ жасап дереу ауруханаға жатқызды. Маған екі жақты полисегменттік пневмония диагнозы қойылды. Мұнда маған бала сияқты қамқорлық танытып, емдеді. Дәрігерлер мен медбикелер әрдайым жанымда болды. Екі аптадан кейін қайтадан иіс, дәм сезе бастадым. Қазір жағдайым жақсы. Үйге шығарды. Бұл аурумен ешкім ауырмаса екен деп тілеймін», – дейді Жұмаәділ Ақымбеков.


Пациент екі апталық үй карантиніне жіберілді, ал №4 қалалық клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

2020 жылы 24 маусымда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бірлескен бұйрығы негізінде №4 ҚКА-да 25 төсек-орны бар жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылды, сол кезде жоспарлы медициналық көмек көрсету тоқтатылды, физиотерапия және оңалту бөлімшесін қайта бейіндеу есебінен ковидтік бөлімшесі құрылды. Клиниканың еріктілері қатарынан 44 адамнан тұратын медициналық қызметкерлер алынды.


«Жаңа жұқпалы аурулар бөлімшесіне жұмысқа қабылдау туралы хабарламадан соң көпшілігі ойланбастан өтініш берді. Бастапқыда 14 дәрігер жұмыс істеді, оның ішінде 4 реаниматолог, қалған 10 дәрігер құрама команда: травматолог, инфекционист, терапевт, реабилитолог дәрігер, ФГДС дәрігері, УДЗ диагностикасы бар. Қалғаны медбикелер мен санитарлар, сондай-ақ еріктілер. Бөлімшеде 25 төсек-орынға және 5 реанимациялық орынға есептелген, ауру өршіген шақта шындығында 70-ке дейін ауыр науқас жатты», - деп еске алады жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Байбахов.


Соңғы жаңалықтар