Алматы қалалық мәслихаты аукционда сату үшін ұсынылған жер телімдерінің тізбесімен келісті

sp;АЛМАТЫ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда желтоқсанның 16-17 күндері жер телімдерін сату үшін аукциондар өтеді. Бұл бүгін өткен  4-ші сайланған қалалық мәслихаттың ХХІІІ сессиясында мәлім болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы қалалық жер қатынастары басқармасы 15 жер телімін дайындады. Аукцион ағылшын тәсілімен өтеді. Бұл 2005 жылдан бері қала аумағында өткізіліп келе жатқан 14-ші аукцион. Биыл  жыл басынан бері бұған дейін екі аукцион өтті. Наурызда    21 миллион теңгеге 6 жер телімі саудаланды. Ал тамызда  16 жер телімі саудаға қойылып, 10-ы 50 миллион теңге сатылды. Онда баға қаланың орталық бөлігінде 10, ал шеткері аймақтарда  3,7 коэффицентке көтерілді.  Бұл жолы саудаға қойылған 15 жер телімінің алтауы өткен жолы сатылмай қалған жерлер", деді басқарма бастығы  Қуанышбек Қашқымбаев. Оның айтуынша, жаңадан қосылған 9 жер телімінің бесеуі Алатау, қалған төртеуі Әуезов, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарының аумақтарында жатыр. Онда 6 халыққа қызмет көрсту  ғимараттары, 2 техникалық қызмет көрсету стансылары мен 1 өнеркәсіптік-өндірістік ғимарат орналасатын болады.

Соңғы жаңалықтар