Алматы қалалық мәслихатының жаңа депутаты сайланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VII сессиясында Алмат Қодасбаев мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық мәслихатының жаңа депутаты сайланды

Қала мәслихатының ақпаратына сәйкес, «Сайлау туралы» Заңға және «AMANAT» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесі бюросының шешімі бойынша Алматы мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы сайланды.

Айгүл Шалбаева – медицина ғылымдарының кандидаты, аталған салада 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Алматы Медицина институтын «Емдік ісі» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Алматы қаласындағы теміржол ауруханасында дәрігер-гинеколог қызметінен бастады. Қазіргі уақытта Айгүл Шалбаева «Керуен-Medicus» көпсалалы медициналық орталығының басшысы қызметін атқарады.

Сонымен қатар сессияда депутат Жандос Нәдіров денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі тұрақты комиссиясының жаңа төрағасы болып сайланды.