Алматы қалалық мектеп оқушыларының киім үлгілері көрсетілді

Алматы қаласындағы 181 мемлекеттік мектепте бірыңғай мектеп формасы 2001 жылы енгізілген болатын. Ал жекеменшік мектептерде ол 2005 жылдан бері қолданылып келеді. Ол үшін жыл сайын «Ангельхер», «Ерке-Нұр», «ALTEX», «Glazman» және «Сұңқар» сән академиялары 120 мың дана бірыңғай мектеп киімдерімен 100 % қамтамасыз етіп отыр.
«Алматы қалалық әкімдігі жыл сайын мектеп формасының жәрмеңкесін ұйымдастыруға сауда орталықтарынан, сауда үйлерінен және әрбір аудандардан арнайы орын бөледі. Бірыңғай мектеп киімдері үлгісі оқушылардың сыртқы бейнесін көрсетіп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін арттырады. Сонымен бірге, олардың ләеуметтік жағдайларына да байланысты психологиялық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді», дейді қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары Галина Саматолкина.
Оқушылардың киім үлгілерінің ішінде ұлдарға және қыздарға арналған киім жиынтығы, төменгі сынып қыздары үшін сарафандар және спорт киімдері мен аяқ киімдердің классикалық және спорттық түрлері бар.Сонымен қатар, кәсіпкерлер мұғалімдер үшін 20-дан астам киім үлгілерін ұсынуда.