Алматы қалалық сотының төрағасы Ағжан Ештай қайтыс болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық сотының төрағасы Ағжан Ештай қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, белгілі заңгер кеше 14 мамыр күні 56 жасына қараған шағында өмірден өтті.
Ағжан Жайлауханұлы Ештай 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған.
30 жылдан астам сот саласында еңбек еткен.
Өмірінің әр жылдары Целиноград, ОҚО соттарында төрағалық қызмет атқарған.
Ағжан Ештай 2013 жылдан бері Алматы қалалық сотының төрағасы болып келді.
Марқұм өзінің туған ауылында жерленеді.