Алматы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті бұрыннан бар жолдарды жөндеу үшін 25 миллион теңге жұмсаған - апталық брифинг
Аталмыш тексерулердің нәтижесімен бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, тексерулер барысында көптеген кемшіліктер анықталған. Айталық, жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге құзырлы мекемелердің бірқатары бұл жұмыстарды арнайы мемлекеттік сараптау жұмыстары мен жоба-сметалық құжаттарынсыз жүргізуде.
«Қостанайда тиісті мемлекеттік сараптау жұмыстарының қорытындысынсыз А.Байтұрсынов көшесін 100 миллион теңгеге қайта жөндеу жөнінде келісім жасалған. Ал кейін жүргізілген сараптау жұмыстары жөндеу шараларына небәрі 45,5 миллион теңге қажеттігін анықтады. Осылайша, жөндеу жұмыстарының құны ешқандай негізсіз 45,5 миллион теңгеге артық есептелген», деді ресми өкілі.
Сондай-ақ ол сөзінде Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті «Атырау-1,2», және «Вирг Атырау-1» шағын аудандарында бұрыннан бар жолдарды жөндеу үшін жоба-сметалық құжаттарын дайындауға 25 миллион теңге жұмсалған. Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қаржы полициясының өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізуде.