Алматы қаласы әділет департаментінің жаңа бастығы таныстырылды

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін Әділет министрі Рашид Түсіпбеков Алматы қаласы әділет департаментінің ұжымына департаменттің жаңа бастығы Ержан Ерәлиевті таныстырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Ержан Жолдасбекұлы Ерәлиев еңбек қызметін 1986 жылы прокуратура органдарында бастады. Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, Еңбекші ауданының прокуроры, ОҚО прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Жаңа тағайындауға дейін Қызылорда облысы прокурорының орынбасары болды.

Әділет министрі Е.Ерәлиевтің алдына бірқатар міндеттер қойды. Атап айтқанда, азаматтарды тұрғылықты жерлерінде тіркеу және құжаттандыру, жылжымайтын мүлік нысандарын тіркеуді толығымен жүргізуді қамтамасыз ету шараларын алу, мемлекеттік тіркеуге келіп түскен нормативтік-құқықтық актілердің заңдық сараптамасы сапасын арттыруды ұйымдастыру мәселелерін айрықша бақылауға алу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар