Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік коммуналды тұрғын үй қорынан баспананы жекешелендіру қыркүйектің 1-не дейін ұзартылды

АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік коммуналды тұрғын үй қорынан баспананы жекешелендіру 2010 жылғы қыркүйек айының 1-не дейін ұзартылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, пәтерлер сатып алу және қайтарымсыз тегін беру жолымен жекешелендіріледі. Осы жолмен 2009 жылдың қазан айының 1-нен бері мемлекеттік коммуналды тұрғын үй қорында тұрған 1923 пәтердің 811-і жекешелендірілген. Оның 542-сі сатып алу жолымен жекешеліндіріліп, 269 пәтер қайтарымсыз тегін берілген.

Қайтарымсыз тегін жекешелендіруге Ұлы Отан соғысының қатысушылары, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқандар, Семей ядролық полигонының әсерінен денсаулығы нашарлаған азаматтар, сонымен қатар, басқа ядролық орындарда радиациялық сәуле алған адамдар, сондай-ақ жауынгер - интернационалистер ие бола алады. Басқа дәрежедегі азаматтар Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік коммуналды тұрғын үй қорынан өздері тұрып жатқан баспанасын талапқа сай ұсынылған жеңілдіктерді қолдана отырып, сатып алу жолымен жекешелендіру құқығы бар.

Пәтердің сатып алу құны мемлекеттік сатып алу байқауының шарты бойынша және жеңілдіктер ескеріле отырып, баспананы алуға кететін шығын сомасымен анықталады.

Соңғы жаңалықтар