Алматы қаласы әкімінің жанынан инновация мен жаңа технологиялар бойынша ғылыми кеңес құрылды -А. Есімов

/strong>Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ғалымдардың ұсынысы бойынша Алматы қаласы әкімінің жанынан инновация мен жаңа технологиялар бойынша ғылыми кеңес құрылды.

Алматы қаласы әкімінің жанынан инновация мен жаңа технологиялар бойынша ғылыми кеңес құрылды -А. Есімов

Оны әкім Ахметжан Есімов бүгін Алматы қаласының І Инновациялық конвентінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала басшының айтуынша, республиканың инновациялық және білім беру қызметінде Алматы қаласының рөлі өте зор. Шаһарда 70,5 мың адам ғылыми зерттеулермен, жасалымдармен айналысады. Бұл Қазақстанның ғылыми қызметкерлерінің 45 пайызы. "Бізде зерттеумен 700-ден астам ғылым докторлары мен 1400-дей ғылым кандидаты айналысады. Бұл елдегі ғалымдардың жартысы. Бұдан басқа жоғары дәрежелі кадр дайындау ісін 13 мың оқытушы жүзеге асырады. Оның 1300-і профессор, 4,5 мыңы ғылым кандидаты. Елдің инновациялық экономикалық дамуында бұл мүмкіндікті тиімді пайдану керек. Ғалымдардың бастамасы бойынша қала әкімінің жаныннан құрылған Ғылыми кеңес осы мақсатты көздейді", дейді Ахметжан Смағұлұлы. Инновация мен жаңа технологиялар жөніндегі бұл Кеңеске әйгілі ғалымдар, жоғары оқу орындарының жетекшілері мен өнеркәсіпшілер еніп отыр. Оған Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұлов төрағалық ететін болды. Ғылыми кеңес білім беру саласындағы саясатты жетілдіруге, ғылым мен инновация және кадрлар дайындауға қатысты ұйғарымдар жасайды. Сондай-ақ жыл сайын бір рет инновациялық конвент өткізіп тұратын болады.

"Онда инновациялық қызметтің көшбасшылары атап өтіледі. Оларға 3 аталым бойынша сыйақы тағайындауға шешім шығардым. Атап айтқанда, "Үздік инновациялық жобаға" - 3 миллион теңге. Үздік зерттеуші ғалымға - 3 миллион теңге. Үздік жас зерттеуші ғалымға - 1 миллион теңге", дейді Ахметжан Есімов.