Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті 21 қылмыстық іс қозғап, 175 млн. теңге көлеміндегі тауарларды тәркіледі

Бұл көрсеткіш өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 3 есеге артқан.
Бүгінде кедендік төлемдер мен салықтардың оңай жолдарын көздеп, сырттан әкелінген тауардың атауын декларацияда көрсету барысында бұрмалап экономикалық контрабанда жасау фактісі бойынша түрлі айла-әдістердің белең алып жатқаны жасырын емес. Алайда, осындай қылмыстың алдын алу жолында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері тиісті жұмыстар атқаруда.
Солардың бірі 2012 жылдың 5 наурызында Қытай Халық Республикасынан уақытша сақтау қоймасына жалпы салмағы 30 тоннаны құрайтын тауарды анықтағандығы. 36 600 АҚШ долларын құрайтын тауар декларациясын ресімдеуге ұсыну кезінде жалған толтырылып, ілеспе құжатта - «фасонды бұрыштамалар мен арнайы қара металды профилдер» ретінде көрсетілген. Алайда, жедел шараларды жүргізу барысында көрсетілген тауар алюминий өнімі екендігі анықталды. Тауарды дұрыс декларациялаудан өткізбеу нәтижесінде төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар сомасы 25 млн. 532 538 теңгені құрады.
Қазіргі уақытта аталмыш фактіге қатысты Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті ҚР Қылмыстық Кодексінің 214 бабының 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғауды ақарастырып жатыр.