Алматы қаласы бойынша МКД пара берген ЖШС өкілін ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 28 маусымда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері тергеу шаралары кезінде «Ақ Теңіз Жолдары» ЖШС-ы өкілі О.-ны қолға түсірді.
None
None

Ұсталған азамат «Ақ Теңіз Жолдары» ЖШС-ы мекен-жайына Қытайдан келген жүкке кедендік тексеру шараларын қабылдамауы үшін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің  Ішкі қауіпсіздік басқармасының офицеріне 1000 АҚШ доллары көлемінде пара берген. 

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.      

Соңғы жаңалықтар