Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты іс сотқа жолданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Талғат Әбдіқалықовтың ісі сотқа берілді. Бұл туралы адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады.

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты іс сотқа жолданды

«Қорғаушы тарап сот үдерісі кезінде қалыптасқан жағдайға қатысты мәлімдеме жасаудан бас тартты. Кінәсіздік презумпциясы принципі бар, оған сәйкес, азаматтың кінәсын сот анықтайды, ал белгілі бір ақпаратты талқылағанда ресми дереккөздерге сүйенген абзал», - деді адвокат.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Медеу ауданы әкімінің орынбасары Талғат Әбдіқалықов пара алды деген күдік бар екені туралы хабарланды. «2016 жылдың сәуірінен маусым айлары аралығында өзі және өзге тұлғалардың пайдасы үшін Алматы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы 9 лот бойынша конкурстың өтуіне кедергі келтірмес үшін жеке тұлғалардан пара алған», - деп хабарлады қалалық сотта.

2016 жылы 3 маусымда Әбдіқалықов жедел-іздестіру шаралары кезінде ұсталды. Пара түрінде алынған 1,3 млн теңге көлемінде қаражат алынды.

5 маусымда ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлім 4 бөлімшесі бойынша квалификацияланды. Оның пара алғаны дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.