Алматы қаласы мен Ақтөбе облысы ТЖД-ның жаңа бастықтары тағайындалды
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Дамир Халиков қызметінен босатылды,
оның орнына полковник Берік Құтпанов департаменттің жаңа бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұрын Б.Құтпанов басқарған Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметіне Абай Байжомартов тағайындалды.