Алматы қаласы мен Алматы облысында 8 жерасты дүмпуі тіркелді - ТЖМ

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - 1-2 мамыр күндері Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында 8 жерасты дүмпуі тіркелді,
None
None

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше оқиғаларды ескерту департаментінен.

1 мамыр күні 4 жер сілкінісі орын алды. Жерасты дүмпулерінің кіндігі Алматының солтүстік-шығысына қарай 73-75 шақырым жерде болды. Бірінші дүмпу сағат 08.31-де, екіншісі - 13.41-де, үшіншісі - 15.13-те, төртіншісі 17,37 минутта тіркелді. Жерасты дүмпулері Алматыда - 4 балл, Талдықорғанда -3-4 балл шамасында сезілді.

2 мамырда да төрт жер сілкінісі болды. Алғашқысы - 02.29 -да тіркеліп, жерасты дүмпуі Алматы қаласында 4 балл шамасында сезілді. Екінші дүмпу - 05.27-де, үшіншісі - 05.52-де, төртіншісі 08.31-де болды. Жерасты дүмпулері Алматы қаласында 2-3 балл шамасында тіркелді.

Барлық 8 жер сілкінісінің кіндігі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Екпінді ауылының төңірегінде болған. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтының ақпараты бойынша, Алматы облысында жақын арада қатты жер сілкінісі болмайды. Алаңдауға негіз жоқ.

Соңғы жаңалықтар