15:15, 23 Тамыз 2022 | GMT +5
Алматы қаласы мен облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адам анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы мен Алматы облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адамды анықтады.
Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 ойын мекемесі мен 14 ойын нүктесі жойылды. 48 ойын терминалы мен 32 компьютерлік техника тәркіленді.
«Қылмыскерлер 15 миллион теңгеден астам сомаға табыс тапқан. Сот үкімімен бес айыпталушы 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды»,-делінген хабарламада.
ҚМА Қылмыстық кодекске сәйкес ойын бизнесін ұйымдастыру, сондай-ақ ойын ойнауға үй-жайларды бергені үшін қылмыстық жазаны қарастыратынын ескертеді.