Алматы қаласы туризмінің даму мәселелері бойынша жиын өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиында қала туризмінің қазіргі және болашақ даму үрдістері қаралды. Сондай-ақ Алматы қаласы туризмін дамыту салаларын талқылап, оны республикамыздың туристік индустрияландыру орталығына айналдыру мәселелері қаралды.
«Осы жылдың соңғы 9 айында салықтан қалаға 441 млрд теңге түссе, туризмнен түскен қаражат 1 млрд. 800 млн. теңгені құрап отыр. Дегенмен Алматы еліміздің басқа қалалары арасында шетелден келетін туристер саны жағынан көш бастап тұр. Қазақстанға келген шетелдіктердің 70 пайызы Алматыға ат басын бұрмай кетпейді. Еліміздің туристік компанияларының жартысынан көбі Алматыда орналасқан. 2007 жылы қалада 790 фирма жұмыс істесе қазіргі уақытта олардың саны 870-ке жетіп, шетелдік 80-дей компаниямен бірлесіп жұмыс істеп отыр. Сондай-ақ туризм дамуы жолындағы кедергі жасап отырған мәселенің бірі қаламызда туристерге саяхаттық қызмет көрсететін мамандандырылған мекемелердің жоқтығы және экономкласс қонақүйлерінің жетіспеушілігі», дейді қала әкімі.
Мамандардың пікірінше, туризмнің мәдени-танымды, экологиялық және тау шаңғысы түрлері тартымды.