Алматы қаласы жылжымайтын мүлік орталығының директоры басқарған ұйымдасқан топтың қылмысы әшкереленді

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері ұзақ мерзімді жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде
None
None

Алматы қаласының жылжымайтын мүлік орталығының директоры Оразақынов басқарған және оның қарамағындағы Жылжымайтын мүлік орталығының 5 аудандық бөлімшесі бастықтарынан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі. Бұл туралы Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Тергеу барысында анықталғандай, Алматы қаласының Жылжымайтын мүлік орталығының директоры Оразақынов 2012 жылғы шілдеде ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Қылмыстық топтың құрамына оның көмекшісі Е.Әсенов және Алматы қаласының жылжымайтын мүлік орталығының Әуезов, Түрксіб, Алатау, Медеу және Бостандық аудандары бөлімдерінің бастықтары Д.Маусымбаев, С.Шантиев, К.Қоңырбаев, М.Садыбаев және А.Исабеков кірген. Қылмыстық топ жылжымайтын мүліктің техникалық куәліктерін рәсімдеу және тұрғын бөлмелерді қайта жоспарлауды жылдам заңдастыру үшін жүйелі түрде азаматтар мен ұйымдардан пара алумен айналысқан.

«Орталықтың аудандық бөлімшесінің бастықтары азаматтар мен заңды тұлғалардан пара алып, оның бір бөлігін ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Оразақыновқа «кассир» рөлін атқарған оның көмекшісі Асенов арқылы беріп тұрған. Оразақынов орта есеппен әр аптаның соңында Әсенов арқылы 80 мыңнан 225 мың долларға дейін алып тұрған. 2012 жылдың қыркүйек-желтоқсан аралығында прокуратура санкциясымен қаржы полициясы қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Оразақановтың 1,5 млн.теңге сомадан аса пара алғаны бекітілді. Бұдан бөлек, 2012 жылғы 10 желтоқсанда Оразақыновқа қатысты Қаржы полициясы агенттігі ұйымдасқан топпен бірнеше рет пара алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Сол күні Оразақынов ұсталды, 14 мамырда ол сот санкциясымен қамауға алынды», - делінген баспасөз баянында. Осыған орай, 2013 жылғы 20 мамырда Оразақыновқа және оның сыбайластарына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оның қызметіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда оның сыбайластары Маусымбаев, Шантиев және Қоңырбаев та қамауға алынып, қылмыстық топтың басқа мүшелеріне қатысты ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қылмыстық іс тергелуде.

Соңғы жаңалықтар