Алматы қаласынан 284 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» сейсмикалық стансалар желісі 30 қаңтар күні 00 сағат 06 минут 10 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарланды кәсіпорынның ресми сайтында.

Алматы қаласынан 284 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 284 шақырым жерде Қытай аумағында орналасты.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10,9. MPV магнитудасы 5,0. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.