Алматы қаласынан басқа өңірлер түгел «жасыл» аймақта

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Алматы қаласынан басқа өңірлер түгел «жасыл» аймақта

«Қызыл» аймақта бір де бір өңір жоқ.

«Сары» аймақта Алматы қаласы орналасқан.

«Жасыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары тұр.