Алматы қаласынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 7 үміткер ұсынылды

АЛМАТЫ. 20 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы қаласы бойынша бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына 7 үміткер ұсынылды.

Алматы қаласынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 7 үміткер ұсынылды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарының 2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттардың ұсынылуы 2011 жылдың 16 маусымынан басталып, ағымдағы жылдың 19 шілдесі күні сағат 24.00-де аяқталған еді.

Сайлауға 1 үміткерді Алматы қалалық мәслихаты ұсынып отыр, ал 6 үміткер өзін-өзі ұсынғандар.

Кандидаттардың ішінде: 6 ер адам, 1 әйел бар, олардың барлығының ұлты қазақ.

Сондай-ақ ұсынылғандар ішінде 1 мемлекеттік саяси қызметкер, 2 мемлекеттік қызметкер,1кызметкер бюджеттік ұжымнан, 1 кәсіпкер, 1 уақытша жұмыс істемейтін, 1 қызметкер қоғамдық бірлестіктен ұсынылған.

Алматы қалалық сайлау комиссиясы 2011 жылдың 23 маусымы мен 2 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына төмендегі кандидаттарды тіркеді.

1.Бижанов Ахан Құсайынұлы- Алматы қаласынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты, 62 жаста, Алматы қалалық мәслихаты ұсынды;

2.Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы- Алматы қаласының байланыс және энергетика университетінің ректоры, 63 жаста, өзін-өзі ұсынды;

3.Назарбетов Кожахмет Тайболатұлы, Медеу аудандық «Ұстаз» кәсіподақ бөлімшесінің төрағасы, 59 жаста, өзін-өзі ұсынды;

4. Садуақасов Ерболат Садуақасұлы- «Алматытелеком» АҚ инфожүйесінің бас әкімшісі, 66 жаста, өзін-өзі ұсынды.

Сенат депутаттығына үміткерлерді тіркеу 2011 жылдың 29 шілдесіне дейін жүргізіледі.