Алматы қаласында 2010 жылғы БАҚ-тың үздік редакторын анықтауға арналған сайыстың нәтижесі шықты

АЛМАТЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Екатерина Ионова/ - Бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихаты барысында Г.И.Толмачев атындағы «БАҚ-тың үздік редакторы - 2010» республикалық сайысының нәтижелері жария етілді.
None
None

Сайыс мерзімді баспасөз құралдары арасында республикамызда төртінші рет өткізілуде. Биыл осы сайыстың жеңімпаздары болып, «Костанайские новости» газетінің бас редакторы Сергей Харченко мен шымкенттік «Айғақ» газетінің бас редакторы Дулат Әбіш атанды.

Шығармашылық комисиясының төрағасы, жазушы Олжас Сүлейменовтың айтуынша, сайыстың алдына қойған мақсаты - мерзімді басылымның Қазақстан облыстарындағы таралымын арттыру.

«Әсіресе аймақтарда бұқаралық ақпарат құралдарының сапасын көтеруді қолға алуымыз керек. Сайыс одан әрі де жалғасын табуы тиіс, осы мақсатта біздің БАҚ-тағы үрдістерге бақылау жасап отыру үшін арнайы штат құру қажет. Мүмкін, болашақта, біз редакторлармен қоса, талантты журналистерді де марапаттайтын болармыз», - деді Олжас Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар