09:26, 09 Шілде 2010 | GMT +5
Алматы қаласында көп қабатты тұрғын үйде болған өрттің салдарынан бір адам зардап шекті - ТЖМ
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 9 қабатты тұрғын үйде болған өрттің салдарынан бір адам зардап шекті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
Жалын шілденің 8-і күні кешкі сағат 9-да Бостандық ауданы Алмагүл шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатынан шықты.
10 шаршы метр аумаққа жайылған өрт салдарынан 24 жастағы азамат көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді. 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Жалын Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 10 адамы мен 3 техниканың күшімен 1 сағатқа жуық уақыттан кейін сөндірілді.