Алматы қаласында коронавирустан қайтыс болған әйел провизорлық стационарда жатқан

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бүгін коронавирус індетінен тағы бір адам қайтыс болды. Науқастың жасы 97-де еді. Оған коронавирус диагнозы 25 сәуірде қойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласында коронавирустан қайтыс болған әйел провизорлық стационарда жатқан

Әйелдің өлімі мидағы қан айналымының бұзылуы, сол жақтағы гемиплегия, ишемиялық кардиомиопатия, асқазан экстрасистолиясы, өткір тыныс алу және жүрек-қантамыр жетіспеушілігі, сол жақ пневмониясы сияқты басты аурулардан болған. Науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

Өткізілген терапияға қарамастан, әйелдің жағдайы нашарлап, полиоргандық жетіспеушілік белгілері байқалған, сағат 08:05-те тынысы алуы мен жүрегі тоқтап қалған.

30 минут бойы өткізілген реанимациялық шаралар көмектескен жоқ. 26 сәуір күні сағат 08:35-те биологиялық өлім тіркелді.

Пациент ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған соң, провизорлық стационарда жатқан.