Алматы қаласында құтқарушылар жанып жатқан үйден 8 адамды құтқарып, 40 адамды қауіпсіз жерге көшірді, зардап шеккендер бар

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Алматы қаласында құтқарушылар жанып жатқан үйден 8 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, тағы 40 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Зардап шеккендер бар.
None
None

ҚР ТЖМ-ның таратқан ақпаратына сәйкес, кеше, қазанның 4-і күні түс ауа Алмалы ауданы Жамбыл көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің балкондары жанды. Өрт 2-ші қабаттан 5-ші қабатқа дейін көтерілген.

Төтенше жағдайды жоюға Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның өртке қарсы құрамының 52 адамы мен 16 техникасы жұмылдырылды. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 40 шаршы метрді құрады.

Тілсіз жаумен күрес барысында құтқарушылар 8 адамды құтқарып, 40 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Иіс тиіп уланған 17 жастағы азамат, 8 жасар бала мен жаңа туған нәресте ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар