Алматы қаласында тағы жер сілкінді

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Қырғызстан Республикасында жер сілкінді, жерасты дүмпулері Алматы қаласында сезілді.

Алматы қаласында тағы жер сілкінді

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмология институтының мәліметінше, 3 маусым күні түнгі сағат 3-тен 6 минут кеткенде Қырғызстан Республикасының аумағында К=11,3 энергетикалық санатымен жер сілкінді. Зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 152 шақырым жерде орналасты. Жерасты дүмпулері MSK-64 бағаны бойынша 2-3 балл қуатымен Алматы қаласында сезілді», - делінген таратылған хабарламада.

Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен қираулар туралы ақпараттар түсіп жатқан жоқ.