Алматы қаласында жеңіл машина автокөлік тұрағында тұрған бірнеше фургонмен соқтығысты, құрбандар бар

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат - Алматы қаласында жеңіл машина автокөлік тұрағында тұрған бірнеше фургонмен соқтығысты, құрбандар бар.

Алматы қаласында жеңіл машина автокөлік тұрағында тұрған бірнеше фургонмен соқтығысты, құрбандар бар

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, сәуірдің 25-інен 26-сына қараған түні, Жетісу ауданы Рысқұлов даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында «БМВ» автокөлігі, тұраққа бірнеше қатармен қойылған фургондарға келіп соқтығысқан.

Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі (тұлғасы анықталмаған) мен оның 22 жастағы жолаушысы сол орында мерт болды. 20-дағы тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.