Алматы қаласында Жеңілдіктер фестивалінің екінші маусымы іске қосылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 1 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында «Almaty Sales Festival» (ASF) Жеңілдіктер фестивалінің екінші маусымы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасай отырып.
Шара ЭКСПО-2017 іс-шарасын өткізуге орай ұйымдастырылғалы отыр.
Екінші маусымда фестивальға сауда орталықтарымен қатар, қызмет көрсету саласының нысандары да қатысады. Атап айтқанда, кафелер және мейрамханалар Жеңілдіктер фестивалін өткізу кезеңінде 20%-ға, қонақүйлер 40%-ға дейінгі мөлшерде жеңілдіктер ұсынады.