Алматы қаласындағы Алатау ауданына екі жыл толды

АЛМАТЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда Алатау ауданының құрылғанына екі жыл толуына және Астана қаласының 12 жылдық мерейтойына орай мерекелік шара өтті.
None
None

Аталмыш аудан 2008 жылғы шілденің 2-сінде мәслихат пен қалалық әкімдіктің шешімімен құрылған еді.

Жер көлемі 7567 гектарды құрайтын ауданда қазіргі күні 158 300 адам тұрып жатыр. Аудан орталығы болып «Шаңырақ-2» ықшамауданы белгіленіп, қазіргі таңда бұл жерде аудандық салық басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталығы, сот, пошта бөлімшесі, прокуратура органдарының және әкім аппаратының ғимараты бой көтерген. Ал «Әйгерім-1» ықшамауданында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі орналасып, жұмыс істеуде.

Мерекелік шара барысында аудан тұрғындарына концерттік бағдарламалар ұсынылып, түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар