Алматы қаласындағы Қазақстан-неміс университетін дамыту жөніндегі келісім заңмен бекітілмек

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Үкімет Қазақстан мен Германия Федеративтік Республикасының үкіметтері арасындағы Алматы қаласындағы Қазақстан-неміс университетін дамыту жөніндегі одан әрі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау қажет деп тауып отыр.
None
None

Осы орайда аталған келісімді заң түрінде бекіту үшін Мәжілістің қарауына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Германия Федеративтік Республикасының Президенті Х. Кёллердің 2008 жылғы қыркүйектің 3-індегі елімізге келген ресми сапарының шеңберінде Қазақстан Үкіметі арасындағы Алматы қаласындағы Қазақстан-неміс университетін дамыту жөніндегі одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісім Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларын сәйкес Университеттің одан әрі дамуына және нығаюна ықпал ететін болады.

Көрсетілген Келісім шеңберінде көзделген іс-шараларды іске асыру республикалық бюджеттен шығындарды талап етпейді.

Келісімнің нормаларына сәйкес оның күшіне енуі үшін Тараптардың мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап ол күшіне енеді.

Келісімнің 1, 2, 3 және 4-баптарының ережелерімен Германия оқу бағдарламаларына сәйкес жаңа мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын және Тараптар мемлекеттерінің тиісті құзыретті ұйымдарының мамандықтарды аккредиттеуін жүргізу, сондай-ақ халықаралық жоғары оқу орны мәртебесіне ие болу мүмкіндігі берілетінін атап өту қажет, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңға сәйкес аталған келісім ратификациялауға жатады.

Заң жобасын қабылдау Қазақстан заңнамасын онымен сәйкестендіруді талап етпейді.

Соңғы жаңалықтар