Алматы қаласындағы Жетісу аудандық Ішкі істер бөлімінің ғимаратында өрт болды

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Алматы қаласындағы Жетісу аудандық Ішкі істер бөлімінің ғимаратында өрт болды.

Алматы қаласындағы Жетісу аудандық Ішкі істер бөлімінің ғимаратында өрт болды

Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 7 сағат 58 минутта Алматы ауданында орналасқан Жетісу аудандық Ішкі істер бөлімі ғимаратының жертөлесінен өрт шығып, ол 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

«60 адам дереу қауіпсіз жерге көшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп нақтылады ведомство баспасөз қызметінен.

Тілсіз жау ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеке құрамдағы 50 адамы мен 15 техникасының күшімен 1 сағатта ауыздықталды.