Алматы қаласындағы Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Жұмабаев көшесінде алдағы үш күнде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтемемен.
«Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 23-26 шілде аралығында түнгі уақытта сағат 22:00 мен 08:00 аралығында Жұмабаев көшесінің Солтүстік айналма көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады.
Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған» делінген хабарламада.