Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қаладағы №131 орта мектеп-лицейде жаңадан бой көтерген спорт алаңының ашылу рәсіміне қатысты
МАТЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Елбасы бұқаралық спорттың дамуына көп мән беріп отыр, сондықтан бүгінгі атқарылып жатқан шара салауатты өмір салтын қалыптастыру саясаты аясында өтіп жатыр. Бұл жөнінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қаладағы №131 орта мектеп-лицейінде жаңадан бой көтерген спорт алаңының ашылу рәсімінде айтты.
«Еліміз өркениетті, мықты ел болу үшін, біріншіден, оның азаматтарының дендері сау, білімді болулары керек. Сондықтан жастардың спортпен айналысуына барлық жағдайлар жасалып жатыр",-деп атап өтті өз сөзінде қала әкімі.
Сонымен қатар ол бұқаралық спорттың дамуына атсалысып, қаржы бөліп отырған еліміздің ең ауқымды компаниясы «ҚазМұнайГаз» екендігін атап өтіп, компанияның басшылығына атқарып отырған игі ісі үшін алғысын білдірді.
Аталған компания тағы да қаладағы 4 мектепте осындай спорт алаңын ашуды жоспарлап отыр.