Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ҚР Ұлттық Академиясының академиктерімен кездесті
АЛМАТЫ. 4 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ҚР Ұлттық Академиясының академиктері, ерлі-зайыпты Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованы қабылдады.
Отбасылық өмірлеріне 60 жыл толған, осынау жылдар ішінде өнегелі ғұмыр кешкен атақты ғалымдарға қала әкімі отбасылық өмірлеріне тек бақытты ғұмыр тілеп, олардың тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеудегі, ғылымды дамытудағы ерекше еңбектерін атап өтті.
Академик Серік Қирабаев Алматы сынды үлкен қалада тіл мен білімді өркендету мен дамытудағы өрелі істерге оң бағасын беріп, академиктер отбасы атынан ризашылығын білдірді.