Алматы қаласының әкімі қаланың қайта жөнделген жолдарын тексерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапарында қаланың жол инфрақұрылымының қайта жасалуын тексерді және жолдарды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға кешенді көзқарас қажет екендігін айтты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласының әкімі қаланың қайта жөнделген жолдарын тексерді

Яғни, асфальт төселіп, бордюрлер ғана жаңартылмай, тротуарлар, арықтардың жиектері де жасалуы, заңсыз қоршаулардың алынып тасталуы, жолға жақын орналасқан аймақтардың жасылдандырылуы қажет екендігін қадап тұрып айтты.

Мысалы, Абдулин көшесінде, Бөгенбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейінгі жолдың шығыс жағында тротуарлар мүлдем жоқ, ал қоғамдық аймақ көлік тұрағы ретінде пайдаланылған. Көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде аталған учаскеде қоршаулар алынып тасталды, жаяу жүргіншілер жолып жасалып, абаттандырылды, көлік тұрағы аймағы ретке келтірілді.

null 

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов қазіргі кезде қалада 29 көшенің жөнделгенін, 25 көшеде жұмыстардың жүріп жатқандығын, келесі айда 114 магистральді және ұзындығы 83,7 км болатын аудандық маңызы бар көшелердің жөнделетіндігін айтты.

Трамвай рельстері алынып тасталған 18 жол қиылыстары да жөнделуде. Жиырма бригада жолдарға асфальт төсеу жұмыстарымен айналысуда, қазірдің өзінде жоспарланған 250 мың шаршы метр жолдың 69 мың шаршы метрінде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ұзындығы 18 км болатын 47 учаскеде тротуарларды абаттандыру және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 8,5 км аймақ көгалдандырылды. 130 бекет кешендері абаттандырылды.

Байтұрсынов көшесінде, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі аймақта, Жандосов көшесінде, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейінгі 2,08 км жерде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

Алатау ауданындағы Алғабас және Ақбұлақ елді мекендеріндегі 10,9 км жол, Наурызбай ауданындағы Қалқаман, Алты Алаш елді мекендеріндегі 17,3 км жол жөнделуде.

Алматыда биыл 102 өтпелі жолға түн мезгілінде жарық берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда тұрғындардың жүріп - тұруына жайлы болу үшін жүйелі жұмыстар жүруде, саябақтар мен скверлер абаттандырылып, өтпелі және веложолдар жасалуда, қоршаулар алынып тасталып, қоғамдық кеңістік кеңеюде.

Алмалы ауданында Дүйсенов көшесі, Аренский көшесінен Гайдар көшесіне дейінгі аймақ, Қарасай батыр көшесі, Аблай хан көшесінен Масаншы көшесіне дейін толық абаттандырылады. Бостандық ауданында Тимирязев көшесі, Есентай өзенінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі 2,5 км аймақ абаттандырылады.

Жалпы, биылғы жылы әр ауданда 16 өтпелі аймақ және Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр және Астана алаңы қайта жасалып, бұларда жаяу жүргіншілерге басымдылық беріледі.

null