Алматы қаласының әкімі Отан қорғаушыларды Әскерге шақырылушы күнімен құттықтады
Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу аздық етеді, ең бастысы оларды барынша қорғап, тұрақтандырып, келер ұрпаққа табыс ету. Мемлекеттің өркен жаюының басты діңгегі ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттігімізді сақтап қалу екені баршаға аян, деп атап өтті Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов әскери қызметшілер мен болашақ Отан қорғаушыларды, олардың ата- аналарын мерекемен құттықтап, бүгінгі таңда армияның жас ұрпақ үшін үлкен тәрбие мектебіне айналғандығын айтты.
Әкім бүгінгі таңда мемлекетіміздің әскерилер мен жеке құрамды қажетті заттармен қамтамасыз етуде қолдан келгеннің бәрін жасап жатқандығын да жеткізді.
Биылғы көктемде Алматыдан әскер қатарына 983 адам шақырылған болатын. Күзгі шақырылымның қорытындысы бойынша 850 алматылық елімізді қорғайтын болады.