16:20, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Алматы қаласының әкімі үшем тапқан анаға пәтер кілтін табыс етті
АЛМАТЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала әкімінің мемлекеттік муниципалдық тұрғын үй қорынан үшем тапқан жас отбасына пәтер кілтін табыстады,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жанар Қуатова ағымдағы жылғы қаңтардың 6-сында дүниеге бір қыз бен екі ұл әкелген болатын. Ахметжан Есімов жас ата-ананы отбасының толығуымен құттықтап, оларға бақыт пен береке тіледі.
Қала әкімінің айтуынша, Елбасының қойған басты міндеттерінің бірі - мемлекетіміздегі демографиялық ахуалды жақсартып, жас отбасыларға көмек көрсету. Қалалық тұрғын үй қорынан көпбалалы аналарға пәтер беру Президент саясатын жүзеге асырудың бір бөлігі. «Біз ең алдымен пәтерлерді үшем туылған отбасыларға береміз, өйткені біздің басты міндетіміз - көпбалалы аналарға жағдай жасау», - деді қала әкімі.