Алматы қаласының Алатау ауданында аудандық сот және прокуратура ғимараты ашылды

Ы. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ -Кеше Алматы қаласының Алатау ауданында аудандық сот және прокуратура ғимараты ашылды. Жаңадан салынған ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов арнайы қатысты.

Алматы қаласының Алатау ауданында аудандық сот және прокуратура ғимараты ашылды

Жаңа ғимарат 4 қабатты, 1-ші және 2-ші қабаттарда аудандық сот, ал, 3-ші және 4-ші қабаттарда аудандық прокуратура орналасатын болады. Ғимараттың жалпы алаңы - 3090 шаршы метр. Жаңа үй халыққа қызмет көрсету үшін барлық оргтехникамен, басқа да заттармен толық қамтамасыз етілген.

Алматының ең жас ауданы болып табылатын Алатау ауданында бүгінгі таңда халыққа қызмет көрсететін барлық өкілетті органдардың мекемелері бар.