Алматы қаласының Алатау ауданында шаруашылық қора-жай өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Алатау ауданында шаруашылық қора-жай өртенді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады.

Алматы қаласының Алатау ауданында шаруашылық қора-жай өртенді

«2016 жылы 13 маусымда 10 сағат 15 минутта Алматы қалалық ТЖД «101» кезекші бөліміне Алатау ауданындағы «Шаңырақ-2» шағын ауданындағы Рахымов көшесі 161/1 мекенжайында шаруашылық қора-жай өртенді. Алғашқы өрт сөндірушілер бөлімі оқиға орнына 10 сағат 27 минутта келіп жетті. Сөйтіп, артынша өрт сөндіруге кірісті және бір мезетте онда адамдардың бары-жоғы туралы барлау жұмыстарын жүргізді. Өрт сөндіру барысында үш газ баллоны қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өрт 10 сағат 44 минутта ауыздықталып, 11 сағат 14 минутта сөндірілді. Өрттің аумағы 80 шаршы метрді құрады», - деді С. Баймұханбетова.