14:22, 20 Сәуір 2013 | GMT +5
Алматы қаласының азық-түлік нарығы 2,8 млрд. АҚШ долларын құрайды - Ахметжан Есімов
АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы қаласының азық-түлік нарығы соңғы 5 жылда 800 млн. долларға өсті. Бұл туралы бүгін Алматыда қала маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту мәселелері бойынша өткізілген алқалы жиында айтылды.
«Қала халқының өсімі мен өмір сүру деңгейінің жоғарылау үрдісі алдағы уақытта да сақталады. Алматы облысы Алматы қаласының азық-түлікке деген сұранысының 40 пайызын қамтамасыз етеді. Жалпы алматылықтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге еліміздің барлық облыстары қатысуда», - дейді А. Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, дегенмен импорттық азық-түлік үлесі әлі де жоғары. Сондықтан «Алматы маңындағы азық-түлік белдеуін дамытуда» өнім көлемін ұлғайтатын жүйелі әрекеттерге көшу керек. Соңғы 5 жылда негізгі азық-түлік өнімдері бағасы әрдайым өсуде. Атап айтқанда, көкөністер 2 есе, шұжық өнімдері - 90 пайыз, ет - 85 пайыз, сүт өнімдері - 25 пайыз қымбаттады.