Алматы қаласының интерактивті діни картасы жасалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Сараптама және зерттеу орталығы» Алматы қаласының интерактивті діни картасын жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес,  жоба екі тілде  - қазақ және орыс тілдерінде, барлық гаджет түрлеріне бейімделген арнайы электрондық портал түрінде шығарылды.

Сайттың басты бетіндегі «Интерактивті картада» қаладағы барлық діни ұйымдарға, діни-ғұрыптық ғимараттарға, діни әдебиеттер тарататын нысандарға толық сипаттама берілген. Карта жаңа қосылған мәліметтермен үнемі толықтырылып, жаңартылып отырады. Ең бастысы, алматылықтар осы процеске қатыса алады. Мәліметтерді, фото және видео материалдарды сайтқа жүктеп, нысанның географиялық орналасуын картада көрсетуге болады.

Сарапшылардың айтуынша, діни экстремизм идеологиясының таралуына көптеген себептер мен факторлар бар. Олардың қатарында жергілікті халықтың діни сауаттылығының төмендігін, жергілікті тұрғындардың қала (мемлекеттер) территориясында әрекет етіп жүрген діни ұйымдардың қызметтері жайлы хабарсыздығын, ғаламтордағы деструктивті ағым мүшелерінің белсенді әрекетін атап өтуге болады.

Бүгінгі күні әртүрлі радикалды және экстремистік діни ағымдардың, сонымен қатар деструктивті діни ғұрыптардың таралуы, қоғамның бейбіт дамуына және тұрақтылығына төніп тұрған ең үлкен қауіптердің бірі болып отыр.  Әсіресе, қоғамда дінге деген қызығушылықтың өсуіне байланысты бұл өзекті мәселеге айналды.

Алматының интерактивті діни картасы осы мәселені шешуге арналған. 

Бүгінде ресурсты өңдеу және толтыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Карта қала тұрғындарын заңды түрде қызмет етіп жатқан діни ұйымдар, діни-ғұрыптық ғимараттар және миссионерлер жайлы барынша хабардар етіп отырады.

Сонымен қатар, бақылау процесін едәуір тиімді етіп, жүргізіліп отырған жұмыстың жылдамдығы мен нәтижелілігін арттыруға көмегін тигізетін қала тұрғындарына да қатысуға мүмкіндік береді.

Бұл жоба тек мемлекет деңгейінде ғана емес, барлық Орталық Азия аймағы бойынша өзекті болып табылатындығын ескере кету керек.

Жаңа порталдың тұсаукесері ертең қалалық әкімдік ғимаратында өтеді.

Соңғы жаңалықтар