Алматы қаласының құтқарушылары жергілікті тұрғынның көлігінен жарылғыш зат іздеді
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласының құтқарушылары жергілікті тұрғынның көлігінен жарылғыш зат іздеді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2 қараша күні таңертеңгі сағат 9. 30-да Ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, Әуезов ауданы, Мамыр 1 «А» шағынауданындағы «Дастан» ЖШС-ның автотұрағында тұрған «Тойота» көлігінің ішінен жарылғыш затқа ұқсас затты тапқандығын айтқан. Төтенше жағдай орнына дереу жеткен шұғыл әрекет ету қызметі, соның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның 10 адамы мен 6 техникасы арнайы іс-шараларды жүргізді. Оның барысында жарылғаш зат табылмады. Жүргізушінің күдіктенген заты бензобактың қосалқы бөлшегі болып шықты.