Алматы қаласының маңындағы өзендер тасуы мүмкін
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының маңындағы өзендер тасуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«6-7 маусымда Алматы қаласының іргелес аумақтарында жаңбыр жауады деп болжанғандықтан беткейлерде ағатын су көлемі көбейеді, сондықтан өзендерде су деңгейі көтерілуі күтіледі», делінген синоптиктердің ескертуінде.