Алматы қаласының өңірлік жалпы ішкі өнімі Тәжікстаннан - бес есе, Қырғызстаннан - алты есе артық - қала әкімі

"Алматының үлесіне республикадағы барлық сауда қызметінің 45 пайызы, байланыс және көлік қызметінің 26 пайызы тиеді. Елдегі шағын және орта бизнес субьектілерінің 35 пайызы осында жұмыс жасайды. Негізгі қаржы ағыны да Алматы арқылы өтеді. Ал республикадағы жалпы ішкі өнімдегі үлесі 20 пайызға жуық, - деді А.Есімов.
Шаһар басшысының айтуынша, Алматыдағы өңірлік жалпы ішкі өнімнің көлемі өткен жылы 5,60 триллион теңгені құрады. Бұл Тәжікстанның жалпы ішкі өнімінен 5 есе, Қырғызстанның жалпы ішкі өнімінен - 6 есе, ал Өзбекстанның жалпы ішкі өнімінен - 8,6 пайызға артық. Экономиканың орнықты дамуы шаһардың республикалық бюджеттің негізгі доноры болуына мүмкіндік беруде. Мемлекеттік бюджет түсіміндегі оның үлесі жыл сайын 25 пайызды құрауда. Ал қалалық бюджет түсімінің 60 пайызын шағын және орта бизнес қамтамасыз етіп отыр.