Алматы қаласының шет аумағынан оқ-дәрілер табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының шет аумағынан пакетке оралған оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қаланың Наурызбай ауданының тұрғындары ашық жерде 9 мм патронның 171 данасы салынған пакет тапқан.

«Жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты патрондарды тат басқан. Пакеттердің бірнеше қабаты жыртылған. Оқ-дәрілер тәркіленіп, арнайы сараптамаға жіберілді. Осыдан соң олардың кімге тиесілі екендігі анықталады»,- деп хабарлады полицияда.


Соңғы жаңалықтар