Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тауда абай болуға шақырды
«Қазгидрометтің 28 қаңтардағы №15 Дауылды ескертуінің негізінде 29-30 қаңтар (демалыс) күндері Алматының таулы аймақтарында кей жерлерде тұман, көқтайғақ күтіледі. Тауда абай болыңыздар», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Алматы қаласының ТЖД алматылықтарға төмендегідей ескерту жасады:
- Қатты жауын-шашын ( қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.
- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз.
- Үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.
- Рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.
- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз!
- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.