Алматы-Қапшағай пойызы жұмысын тоқтатты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Осыдан бір ай бұрын ашылған Алматы-Қапшағай бағытындағы темір жол құрамы өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Тұран экспресс» компаниясының экономисі Сәнжан Қаңлыбаева айтты.

Алматы-Қапшағай пойызы жұмысын тоқтатты

Компания өкілінің айтуынша, жаңа бағыт тасымалдаушыны шығынға батырған. «Біз Алматы-Қапшағай бағыты жаз мезгілінде сұранысқа ие болады деп үміттендік. Бірақ, тұрғындарға арнайы пойыздың қажеті жоқ болып шықты. Қолымыздан келгенше халыққа жарнама жасауға тырыстық. Бірақ, бәрібір шығынмен жұмыс істеп келдік», - деді ол. Айта кетейік, жаңа бағыт биыл маусымда ашылған болатын. 5 вагоннан тұратын темір жол көлігі 1,5 сағатта Алматыдан Қапшағайға күніне 2 рет қатынайтын еді.