Алматы-Қапшағай тас жолындағы көлік апатынан екі адам мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы-Қапшағай тас жолында болған жол-көлік апатынан екі адам мерт болды.
None
None

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, жол апаты 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Алматы-Қапшағай трассасының 20-шы шақырымында болған. Lada Kalina маркалы жеңіл автокөлігі үлкен жылдамдықпен келе жатып, жарнамалық құрылғының бетонды іргетасына соғылған. 

Автокөліктің алдыңғы жағының майысып, жаншылғаны соншалық, жол полициясы қызметкерлері жүргізуші мен жолаушыны әрең дегенде автокөліктен алып шыққан. Алматы қалалық ІІД хабарлауынша, жүргізуші жігіт пен бойжеткен алған жарақаттың салдарынан көз жұмды. 

Соңғы жаңалықтар