Алматы - Қапшағай тасжолында әйел адамды көлік қағып, екіншісі оның денесін басып өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы-Қапшағай жолында ішімдік ішкен қызды көлік қағып мерт қылды. Тағы бір көлік оның мүрдесін байқамай, үстінен басып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Алматы - Қапшағай тасжолында әйел адамды көлік қағып, екіншісі оның денесін басып өтті

Алматы-Қапшағай тасжолының жолының 20-шы шақырымында ішімдік ішкен қыз көлік соғып мерт болды.

null 

Алдын ала жасалған болжам бойынша, қаза тапқан қыз күре жолдың ортасына шығып кеткен. Оны қаққан көлік оқиға орнынан ізін суытқанымен өзге көліктер тоқтаған. Алайда, Қапшағайға бағыт алған «Мерседес» жүргізушісі мүрдені байқамай, үстінен басып өткен.

null 

Куәгерлердің арасынан мас қызды екі сағат бұрын «Магнум» сауда орталығынан көргендер табылды.

null 

Куәгерлердің айтуынша, сауда орталығында ол мас болып жүрген.

Полиция оқиға себебін анықтау үстінде.