Алматы кедендік рәсімдеу орталығында тіркелген импорттық тауарлардың 24 пайызы - ресейлік өнімдер

АЛМАТЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы кедендік рәсімдеу орталығында тіркелген импорттық тауарлардың 24 пайызы - ресейлік өнімдер.
None
None
Бұл жайлы бүгін, ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішевтің Алматы кедендік рәсімдеу орталығының жұмысымен танысуы кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы кедендік рәсімдеу орталығында өткен жылы жалпы құны 5 491 650 доллар болатын 2 385 649 тонна жүк айналымы тіркелген болатын. Оның 2 052 628 тоннасын -импорт, ал 333 011 тоннасын экспорттық тауарлар құрады. «Импорттық тауарлардың 24 пайызы (1 101 580 мың доллар) - ресейдің, 20 пайызы (913 миллион 394 мың доллар) - еуроодақ елдерінің, 16 пайызы (758 миллион 484 мың доллар) қытайдың өнімдері болды», - дейді Алматы кедендік рәсімдеу орталығының бастығы Нұрлан Мұсабеков. Оның айтуынша, орталықта тіркелген импорттық тауарлардың 18 пайызын - өнеркәсіп құралдары, 13 пайызын электр машиналары мен жабдықтар құрайды. Пластмасса өнімдері, құрылысқа пайдаланылатын темір материалдарының үлесі - 5, қағаз бен картон, қара металл өнімдері және косметикалық бұйымдардың үлесі - 4, жиһаз, дәрі-дәрмек, приборлар мен құралдардың үлесі 3 пайыздан болып отыр. Ал бұдан өзге тауарлардың жалпы үлесі 38 пайызды құраған.
Соңғы жаңалықтар