Алматы кеденшілері бір күнде 70 млн.ға жуық теңгенің контрабандалық тауарын анықтады

АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда қалалық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері экономикалық контрабанда бойынша Қытай елінен әкелінген тауарлардың 2 фактісін анықтады.
None
None

Олар кеден органында декларациядан өтпеген,  жасырын түрде ел аумағына  заңсыз алып өткізбек болған техникалық тауарлар болып шықты.  Алдымен 56 271 720 теңгенің кедендік алымы мен салықтары төленбеген DVD, автокөліктерге арналған дабыл беру құрылғылары, қол сағаттары, мопедтер секілді халық кеңінен тұтынатын тауарлар әшкереленді. Тексеру амалдарын жүргізу кезінде  ондағы тауарлардың ішінде  люстра, автомагнитолла сияқты өзге де заттар табылды. Ал олардан бюджетке кедендік алым мен салық түрінде түспеген қаражаттың көлемі 13 368 891  теңге болып отыр. Енді   Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті бұл  фактілер бойынша  ҚР Қылмыстық кодексінің  209 бабының  2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғамақ.

Соңғы жаңалықтар